Қоғам

Астанада фонтандар іске қосылды

© AFP 2024 / STANISLAV FILIPPOVАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордамызда 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күнінде қалалық фонтандар іске қосылады

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Астанада баяғыдан бері қалыптасқан дәстүр бойынша 1 мамыр күні фонтандар іске қосылды, деп хабарлады Сарыарқа ауданы әкімі Арман Тұрлыбек әлеуметтік желідегі парақшасында.

"Фонтандар маусымы ашық деп жарияланды. Астана әкімі Әсет Исекешев қалада қалыптасқан дәстүрлерге құрметпен қарайды, 1 мамыр күні бізге бүкіл фонтанды іске қосуға тапсырма берді", — деп жазды Арман Тұрлыбек.

Сарыарқа ауданында 10 фонтан кешені бар, олардың көпшілігіне елорда тұрғындарының өздері ат қойған:

  • "Доп" фонтаны  — Жеңіс — Кенесары (футболшылар скверінде)
  • "Өмір ағашы" фонтаны — Абай — Жеңіс
  • "Сарыарқа" фонтаны — Сарыарқа, 13
  • Абай, 27 көшесіндегі фонтан
  • "Атырау" фонтаны — Бейбітшілік — Есенберлин
  • "Әлия" фонтаны — Әлия Молдағұлова атындағы скверде
  • "Жастар" фонтаны — Жастар театры алдында
  • "Мәскеу" фонтаны — Мәскеу — Әуезов
  • "Каскад" фонтаны — Республика, 33
  • "Қазақ драма театры" фонтаны — Омаров (Қалекеев атындағы қазақ драма театры алдында)

Жаңалықтар
0