Қоғам

Сағадиев жалақысын 50%-ға өсіру үшін қанша мұғалімнің тест тапсыратынын айтты

© Sputnik / Кирилл Брага / Медиабанкке өтуБалалар сабақта, архивтегі фото
Балалар сабақта, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр біліктілік сынағын тапсыруға 60 мыңнан астам мұғалімнің жазылатынын күтпегенін айтты

АСТАНА, 28 сәуір  — Sputnik. Лауазымдық жалақысын қосымша 50%-ға өсіру үшін 60 мыңнан астам мұғалім біліктілік тестін тапсыруға жазылған. Бұл туралы Елбасының төрағалығымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Первый канал телеарнасына сұхбат берді - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы мұғалімдердің жалақысы 80%-ға өсетінін айтты

"Елімізде білім саласы қарқынды дамып келеді. Соңғы 17 жылда мектепке дейінгі білімге бөлінген мемлекеттік бюджеттің шығыны 54 есе, орта білімге 12 есе, техникалық-кәсіптік білімге 36 есе, жоғары білімге 20 есеге өсті. Соңғы мұғалімдердің жалақысын өсіру бастамасы жаңартылған мазмұнға көшкен 300 мың ұстазға қатысты болып отыр. Оның ішінде 18 мың мұғалім өзбек, орыс, тәжік және басқа да тілдерде сабақ береді", — деді Сағадиев. 

Министр лауазымдық жалақыны қосымша тағы өсіру үшін мұғалімдердің біліктілік сынағын тапсыруға дайындалып жатқанын айтты. 

"Мұғалімдердің жалақысын қосымша 50 пайызға өсіруге мүмкіндік беретін ұлттық біліктілік  тестін тапсыруға 60 мыңнан астам ұстаз жазылды. Мұндайды біз күтпеген едік. Бұл біздің ұстаздардың қорықпайтынын, олардың өз пәнін толық білетінін көрсетеді", — деп атап өтті Сағадиев. 

Айта кетсек, президенттің тапсырмасы бойынша 2018 жылы білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен мұғалімдердің лауазымдық жалақысы 30 пайызға өсті. Бұл жалпы мұғалімдердің 68 пайызын қамтиды. Ал, біліктілікті айқындайтын тест тапсырғаннан кейін олардың лауазымдық жалақысы қосымша 50 пайызға өспек.

Жаңалықтар
0