Қоғам

Биыл елімізде қанша білім гранты бөлінгені белгілі болды

© Sputnik / Медиабанкке өтуСтуденттер
Студенттер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы оқу жылына бөлінген білім беру гранттарының жалпы саны 66 мыңнан асады

АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Биыл бакалавриатқа 50 894 грант бөлінсе, магистратураға 13 мыңнан астам грант қарастырылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ҰБТ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Білім министрі биылғы ҰБТ туралы айтты

"2017 жылы соңғы жылдарға қарағанда алғаш рет жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған гранттар саны 10 мыңға артты. Ерлан Кенжеғалиұлы (білім және ғылым министрі – автор ескертп.) атап өткендей, биыл мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кадрларды даярлауға арналған гранттар саны тағы 20 мыңға артты. Сәйкесінше алдағы оқу жылында жалпы алғанда 66 мыңнан астам орынды құрап отыр. Атап айтсақ, бакалавриатқа 50 894, магистратураға 13 220, докторантураға 2275 грант. Бұл өткен жылға қарағанда бір жарым есеге артық", — деді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Светлана Ысмағұлова есептік кездесуде. 

Оның айтуынша, бұдан басқа, техникалық және ауыл шаруашылық мамандықтарына арналған гранттардың құны артқан. Бұл жоғары оқу орындарының инфрақұрылымын нығайтуға және оқу бағдарламаларын жетілдіруге мүмкіндік береді. 

Айта кетсек, Астанада білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің халық алдында есеп беру кездесуі өтіп жатыр.

Жаңалықтар
0