Қоғам

Елімізде орташа жалақы 157 мың теңгеден асты

© Sputnik / Болат ШайхиновТеңге
Теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы көктемде қазақстандықтардың табысы 10 процентке көбейген

АСТАНА, 15 сәуір — Sputnik. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті қазақстандықтардың орташа жалақысы 157 мың теңгеден асқанын сүйіншіледі! Санақшылар сондай-ақ елімізде табыс көлемі артып, жұмыссыздар азайғанын айтады. Алайда бұған қарапайым халықтың көпшілігі сенбейтіні рас. Олар мұндай цифрды қайдан алатынын 31 арнаның тілшілері анықтаған екен.  

Статистика комитетінің соңғы мәліметтері бойынша, қазақстандықтардың орташа жалақысы осы көктемде 157 мың 930 теңге болған. Табыс 10 процентке көбейген. Жұмыссыздардың саны бар-жоғы – 134 мың адам.  

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
2019 жылы 2 миллионнан астам адамның жалақысы өседі – Назарбаев

Экономист Айдар Әлібаев санақшылар жалақыны есептегенде салалар бойынша табыстың орташа көрсеткішін пайдаланатынын айтады. Сондықтан цифрларды өсіріп көрсетеді екен.   

"Егер шынын айтатын болса, цифр көңіл көншітпейді. Ал ол қандайда да бір шенеунікке кесірін тигізуі мүмкін. Осыған жол бермеу үшін олар әдемі цифрлардың "суретін салып" қояды. Шын мәнінде орташа жалақы 70-80 мың теңге шамасында", — дейді "Финпотребсоюз" ҚБ басқарма төрағасы Айдар Әлібаев. 

Статистика комитеті олай есептемейді. Олардың мәліметінше, ақпан айында қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлері ең көп табыс тапқан  – айына 316 000 теңге. Ғылым және техника қызметкерлері айына 303  000 теңге кіріс келтіріпті. Білім және ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері бәрінен аз алатыны анықталған – 101 000 және 96 000 теңге.

Алайда жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде қазақстандықтар мүлде басқа жалақы алатыны белгілі болды.   

Блиц-сауалнама:

– Біздің өңірде жалақы өте төмен. 30 мың теңгенің шамасында дер едім. 40 мың болуы мүмкін, бірақ оған жетпей жатады. (Шымкент).

– Орташа жалақы қалада 40-50 мың болса керек. (Ақтөбе).

– Шындығында адамдар 50-80 мың теңге аралығында алады. Шындығы сол. Жолақы 80 теңге екенін ескерсек, азық-түлік бағасына жұрттың көңілі толмайды. Бір коммунальдық қызметтің өзі неге тұрады! (Қарағанды).

Шындықты азық-түлік кәрзеңкесіне қарап білуге болады. Қазақстандықтар Ресей немесе дамыған елдермен салыстырғанда азық-түлікке анағұрлым аз қаржы жұмсауы тиіс. Ал статистика шетелде оң имидж қалыптастыру үшін жазылып жатыр. Осыдан кейін жағдай қалай өзгерсін?  


Жаңалықтар
0