Қоғам

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің 55 проценті – әйелдер

CC0 / / Жұмыс үстелінде отырған әйел
Жұмыс үстелінде отырған әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет жағдайы туралы алғашқы ұлттық баяндаманы таныстырды

АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Қазақстанда мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндердің 55 проценті әйелдер. Ал бірқатар шет елде бұл көрсеткіш 50%-ды құрайды. Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Сарапшылардың бағалауы бойынша, бүгінгі таңда Қазақстанның  мемлекеттік қызмет жүйесі көп көрсеткіш бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, кейбіреулері бойынша тіпті алдыңғы қатарда.

Показ коллекции модного дома Firdaws - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Президент: "әйелдер – екінші сортты адамдар" деген ел емеспіз

"Қазақстанның бірқатар дамыған елден айырмашылығы, біз мемлекеттік аппараттың қартаюы мен гендерлік теңгерімсіздікке жол берген жоқпыз. Бүгінде бізде мемлекеттік қызметкердің орташа жасы – 39, ал 1991 жылы  44 жас болған. Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55%, ал Италия, Бельгия, Испания секілді елдерде бұл көрсеткіш 50%-ды құрап отыр", — деді спикер.

Шайымова, сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің сапалық құрамы да өскенін атап өтті. 

"Егер 1993 жылды алсақ, министрліктерде қызметкерлердің 70 пайызы ғана жоғары білімді еді. Ауылдарда бұл көрсеткіш бар болғаны 50 процентті құраған. Ал қазір мемлекеттік қызметкерлердің 92 процентінің жоғары білімі бар. Орталық деңгейдегі қызметкерлердің 100%-ы жоғары білімді", — деді ол.


Жаңалықтар
0