Қоғам

Қарағұсова: мұғалімдердің жалақысын өсіреміз деп көлгірсудің қажеті жоқ

Жазылу
Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова мұғалімдердің айлық жалақысы емес, қызметақысының ғана өскенін атап өтті

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Парламент мәжілісінің депутаттары "2018-2020 жылдардағы республикалық бюджет" туралы түзетулер жобасын талқылау барысында мұғалімдердің жалақысын көтеру мәселесін қозғады.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Первый канал телеарнасына сұхбат берді - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы мұғалімдердің жалақысы 80%-ға өсетінін айтты

Мәжілісте таратылған материалдарға сүйенсек, бюджетте қарастырылғандай, жаңартылған мазмұндағы бағдарламалар бойынша сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы 30%-ға дейін арттырылмақ. Биыл қаңтар айынан бастап қосымша ақы бірінші, екінші, бесінші және жетінші сынып мұғалімдеріне төленеді. Ал қыркүйектен бастап – үшінші, алтыншы және сегізінші сыныптар мұғалімдеріне. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап – төртінші, тоғызыншы, оныншы сыныптар үшін, 2020 жылдың қыркүйегінен бастап – 11 сыныптар үшін. 

Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова 11-сынып мұғалімдері неге тізімнің ең соңында тұрғанына қызығушылық білдірді. 

"2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы 29%-ға көбейді, барлық ұстаздар осы үстемақыны алатын болады. Жаңартылған мазмұнға келер болсақ, 2016 жылдан бері мемлекеттік бағдарлама жаңартылған мазмұнға көшу бойынша арнайы кесте құрды. Біз бұл шараға бюджеттің мүмкіндігін ескере отырып бардық", — деп жауап берді білім вице-министрі Бибігүл Асылова.

Оның айтуынша, мұғалімдер қауымдастығы бұл шаралармен келіскен.

Мектеп - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутат: Мұғалімдердің жалақысы орташа еңбекақыдан екі еседей төмен
 

"Олар сіздермен қалайша келіспесін? Бұл мұғалімдер қауымдастығы ғой", — деп жауап берді Қазбекова.

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова да әріптесін қолдады. 

"Мұны 2004 жылдан бері айтып келемін. Жалақының өскені туралы айтқанда, көлгірсудің қажеті жоқ, біз жалақының бір бөлігі болып табылатын базалық қызметақының өскенін ғана айтамыз. Яғни 29% — бұл жалақының емес, қызметақының өсімі. Жалақы құрылымында бұл 29% жоқ. Президенттің айтқанын, қалай болса, солай орындаймыз", — деді Қарағұсова. 

Бұрын Қарағұсова мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көтеру туралы мәселені қозғаған еді.

Жаңалықтар
0