Қоғам

Депутат әскери университеттерде қылмыстың жиілеуіне алаңдаушылық білдірді

© Photo : Пресс-служба Минобороны РКӘскери қызметкердің архивтегі суреті
Әскери қызметкердің архивтегі суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Депутат қылмыс жиілеген әскери университеттердің басшыларын жауапкершілікке тартуды ұсынды

АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Мәжiлiс депутаты, халықаралық iстер және қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы Мұхтар Ерман әскери университеттерде оқитын жастар арасында қылмыстың жиілеуіне алаңдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мәжіліс депутасты қарулы күштер қызметiнде әскери-патриоттық жұмысқа, жастардың әскери қызметке дайындығына айрықша мән беру керектігін атап өтті. 

Әскерилерге арналған асхана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министрлік курсанттарды неге 700 теңгеге тамақтандырып отырғанын түсіндірді

"Бiр проблемалық мәселеге тоқталғым келедi. Әскери университтегi тәрбие жұмысының деңгейi жақсы деп айта алмаймыз. Бас әскери прокурордың мәлiметi бойынша, 2017 жылы 27 қылмыс тiркелген. Атап айтсақ, уставтан тыс жағдай, парақорлық, тiптi курсант өлтiру де бар. 2018 жылы 3 қылмыс тiркелдi. Осы проблемаға ерекше назар аудару қажет және университет басшыларын тiкелей жауапкершiлiкке тарту керек", —деді Ерман.

Депутат қатардағы әскерлердiң саяси тәрбие жұмысында қазiргi заманға сай әдiстердi қолданып, көршiлес елдердiң тәжiрибесiн үйренуді ұсынды.

"Осы ретте көпфункционалды ақпараттық жылжымалы кешеннiң тиiмдiлiгi зор. Ол мультмедиялық құралдармен жабдықталған және далалық жерде әскери қызметшiлер арасында мәдени көпшiлiк жұмыстар жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Сарапшылардың пікірінше, жоғары технология дәуірінде дүниеге келген жастардың әскери қызметіне оң әсерін тигізетіні анық", — деді ол.

Жаңалықтар
0