Қоғам

Қазақстан азаматы Қытайда көз жұмды

© AP Photo/ Ng Han GuanҚытайдағы жедел жәрдем
Қытайдағы жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бастапқы деректерге сүйенсек, 27 жастағы қазақстандықтың жүрегі тоқтап қалған

АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Қытайдың Гуанчжоу қаласында Қазақстан азаматы қайтыс болды.

Intercontinental Hotel - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ауғанстанда содырлар шабуылы кезінде Қазақстан азаматы қаза тапты

27 жастағы жас жігіт сәрсенбі 4 сәуір күні көз жұмған. Бастапқы деректерге сүйенсек, ер адамның жүрегі тоқтап қалған екен.

"Алдағы күндері Қытайдағы Қазақстан елшілігінің консулы Гуанчжоуға барып, тиісті процедураларды ресімдеп, мәйітті Қазақстанға жеткізу мәселесімен айналысады", — деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жас жігіт Жамбыл облысының тумасы екен, тұрғылықты мекенжайы Алматы қаласында. Қазақстандық дипломаттар марқұмның отбасымен үнемі байланыста отыр.

Жаңалықтар
0