Қоғам

Пара беріп ұсталған "Қазавтожолдың" экс-басшыларының бірі асылып қалды

© AFP 2024 / Sandor GemesҚолына кісен салынған адам ресми құжатты ұстап отыр, архивтегі фото
Қолына кісен салынған адам ресми құжатты ұстап отыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әділ Нығметов Астанада тергеу изоляторында шаруашылық жұмыстарын атқарып жүрген

АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. Астанада тергеу изоляторында дарға асылып қалған Әділ Нығметовтың қазасының себебі анықталып жатыр. "Қазавтожол" мекемесінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы директоры ірі көлемде пара берді деп 3 жылға сотталған болатын, деп хабарлады КТК.

Нығметов  Астанадағы тергеу изоляторында асылып қалған. Суйицидке баруының себебі әлі белгісіз. 

Асылып өлу - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Мәслихат депутаты өз үйінде асылып қалған

Естеріңізге салсақ, "Қазавтожолдың" басшылары мен аймақ филиалдары басшыларынан құралған 20 адам ірі көлемде пара беру дерегімен ұсталған еді. Солардың арасында Әділ Нығметов те бар. Олар бюджет қаржысын игерудегі құйтұрқылықтарын жабу үшін Есеп комитетінің 2 қызметкеріне 16 миллион теңге пара бермекші болған. Ақырында Нығметов 3 жылға қамалды. Алайда, өзін кінәсіздігін дәлелдемек болған ол апелляциялық шағым түсіргенімен, үкім өзгеріссіз қалған. Сөйтіп, ол тергеу изоляторына жабылып, соңғы кассациялық сотты күтіп жатқан болатын. 

"Өз-өзіне қол жұмсау фактісін растаймыз. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тиісті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сотталған тергеу изоляторында шаруашылық жұмыстарын атқарып жүрген. Өлім алдындағы хатты қалдырған жоқ", —дейді Қылмыстық-атқару жүйесі комитені баспасөз қызметкері Ағылай Тұрланова. 


Жаңалықтар
0