12:48 08 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.60
  • EUR489.92
  • RUB5.85
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
285 0 0

Желіде тарап кеткен видеода бейтаныс ер адам "Абу-Даби Плаза" құрылысында сапасыз материалдың пайдаланылатынын көрсетті

АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. Астана әкімдігі Абу-Даби Плазаның құрылысына сапасыз материалдар қолданылған деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары Абу-Даби Плаза кешенін салу барысында сапасыз материал қолданылады деп аталатын белгісіз адам түсірген видеомен белсенді түрде бөлісіп жатыр.

"Жоғарыда айтылған видео, мамандардың айтуынша, болжаммен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінде түсірілген. Видео роликте көрсетілген құрылыс бағандарында ағаш төсеніштер пайдаланылған, бәлкім бамбуктан салынған шығар. Бұдан бөлек, видеода құрылыс жұмыстары жаз мезгілінде жүргізілгені анық көрініп тұр", — деп жазылған хабарламада.

Елорда әкімдігі түсіндіргендей, Абу-Даби Плаза кешені құрылысында жоғарыда көрсетілген материалдар қолданылмайды. Құрылыс жұмыстарының сапасын техникалық және авторлық тараптар тұрақты түрде бақылап отыр. Сондай-ақ, инженерлік-техникалық қызметкерлердің қауіпсіздігі қатаң сақталады.

Астана әкімдігі әлеуметтік желі қолданушыларын ескерткендей, 2015 жылдың 1 қаңтарынан  бастап жаңа Қылмыстық кодекс күшіне енген, соған сәйкес жалған ақпарат беру, тарату және пайдалану қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Кілт сөздер:
Астана, Абу-Даби Плаза
Загрузка...

Басты тақырып