Қоғам

Вице-губернатор Кемерово тұрғындарынан тізерлеп тұрып кешірім сұрады

© Sputnik / Александр КряжевКемерово облысының вице-губернаторы Сергей Цивилев
Кемерово облысының вице-губернаторы Сергей Цивилев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кемеровоның басты алаңында митинг жеті сағатқа созылды

АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Кузбасс вице-губернаторы Сергей Цивилев "Зимння вишня" сауда орталығындағы қайғылы оқиға үшін қала тұрғындарынан тізерлеп тұрып кешірім сұрады, деп жазады РИА Новости.

Марина Баранова - Sputnik Қазақстан
Кемероводағы өрт кезінде Қазақстан тумасы қаза тапты

Кемеровоның басты алаңында таңертең басталған митинг жеті сағатқа созылған. Осыдан кейін әкімшілік өкілдері жиналғандардан үйді-үйді тарқауды өтініп, дыбыс күшейткіш аппаратураны сөндіріп тастады. Алайда  қатысушылар алаңнан кетуден бас тартты. 

Цивилев микрофонмен сөйлемекші болған, бірақ ол сөніп тұрғаннан кейін, халықтан тізерлеп тұрып кешірім сұрады. Он секундтан кейін қайтадан тұрып "ежелгі Русьте адамдар кешірім сұрау үшін тізерлеп тұратын болған" деді. Сол сәтте митинг қатысушылары қол шапалақтай бастады. 

Сондай-ақ, Цивилев шенеуніктер мен қаза тапқандардың туыстарынан жұмыс тобын құруды ұсынды. Айтуынша, аталған топ тергеу мен қаза тапқандарға ескерткіш дайындау барысын қадағалайды. 

Еске салып өтсек, Кемероводағы төрт қабатты "Зимняя вишня" сауда орталығында алапат өрт шығып, 64 адам қаза тапты. Қала ауруханаларында 13 адам жатыр, олардың дені газдан уланған. Өрт туралы іс бойынша бірнеше адам ұсталды. 

Бүгін таңертең Кемерово қаласына Ресей президенті Владимир Путин де келді. Ол сауда орталығының алдындағы мемориалға гүл шоқтарын қойып, зардап шеккендермен кездесіп, өрттің салдарын жоюға арналған жиын өткізді.

Жаңалықтар
0