Қоғам

Белгілі қоғам қайраткері Нұрлан Ерімбетов дүниеден озды

© Photo : СЦКНұрлан Ерімбетов
Нұрлан Ерімбетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорда клиникаларының бірінде белгілі қоғам қайраткері Нұрлан Ерімбетов көз жұмды

АСТАНА, 21 наурыз — Sputnik. Қазақстан азаматтық альянсының бұрынғы басшысы Нұрлан Ерімбетов дүниеден озды. Қаралы хабарды оның әріптестері жеткізді. 

гүл шоқтары - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Белгілі жазушы Рахымжан Отарбаев дүниеден озды
"Құрметті әріптестер! Ерімбетов Нұрлан Кенжебекұлы дүние салды! Нұрлан Кенжебекұлы саналы ғұмырында біздің қоғамның дамуына мемлекет және қоғам қайраткері ретінде өз үлесін қосты.  Иманды болсын! Аза тұтып, әрқашан есте сақтаймыз!", — деп жазылған Қазақстан азаматтық альянсының ресми хабарламасында.  

Сондай-ақ Ерімбетов Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығында көз жұмғаны хабарланды.  

Нұрлан Ерімбетов Sputnik Қазақстан баспасөз орталығының сарапшылар алаңында бірнеше рет сөз сөйлеген еді, ол күрделі сұрақтарға жауап бере алатын беделді сарапшы болды.  

Sputnik Қазақстан редакциясы Нұрлан Ерімбетовтің туыстары мен жақындарына көңіл айтады.   


Жаңалықтар
0