Қоғам

АҚШ-та қаза болған студенттің Қазақстан азаматы емес екені анықталды

© Sputnik / Болат ШайхиновҚР СІМ ғимараты
ҚР СІМ ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін БАҚ АҚШ-та қазақстандық Даир Сағдиевтің қаза болғаны туралы ақпарат таратқан еді

АСТАНА, 6 наурыз— Sputnik. АҚШ-та қаза болған студенттің Қазақстан азаматы емес екені анықталды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Дамирбек Асылбек уулу - Sputnik Қазақстан
Алматыда ұсталған қырғыз депутаты Қазақстан азаматы болып шықты
"Біз тексеріс жүргіздік, оның нәтижесінде қаза тапқан жігіттің Қазақстан азаматы емес екені анықталды. Оның ата-анасы Мәскеуде тұрады. Кейбір мәліметтер бойынша студенттің өзі де Ресей азаматы болып табылады", — деді Жайнақов журналистерге. 

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ-та қазақстандық Даир Сағдиевтің қаза болғаны туралы ақпарат таратқан еді. Ол Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде (UCLA) оқып жүрген.

Жаңалықтар
0