Қоғам

Елімізде дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күннің күрт жылынуынан Қазақстанның бірқатар өңірінде су тасқыны болуы мүмкін

АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. Синоптиктердің болжауынша осы аптаның басында Қазақстанның бірқатар өңірінде температура көтеріліп, жел күшейеді, мол жауын-шашын түседі.

бәйшешек - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты
Қазгидрометтің мәліметінше, 6-7 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз 6 наурызда кей жерлерде қатты жауын-шашын түседі. Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз 6 наурызда, 7 наурызда тәулік бойы кей жерлерде 30 м/с асады. Ауа температурасы күндіз 6 наурызда 0-5 градусқа дейін жоғарылайды. 

5-7 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде қатты жауын-жашын (көбінесе жаңбыр) түседі. Осыған байланысты мұздық құбылыстар әлсіреп, жазық жерлерде қар ериді, таулы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. 

5-6 наурызда Атырау, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан облыстарында күндізгі ауа температурасы қысқа мерзімге 0+70C-қа жоғарылап, жауын-шашын  (қар, жаңбыр) түсуіне байланысты жазық аудандарда қар еріп, су деңгейі көтеріледі. 


Жаңалықтар
0