Қоғам

Қазақстандықтардың қанша пайызы дін саласындағы саясатты қолдайды?

© AFP 2024 / Biju Boroнамаз
намаз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтіп жатыр

АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстандықтардың 90 пайызы дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің дін саласында жүргізіп жатқан мемлекеттік саясатын қолдайды. Бұл туралы бүгін аталған ведомствоның басшысы Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде адамдардың дені дәстүрлі дінді радикалды идеологиядан айыра біледі. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, қазақстандықтардың 90 пайызы дін саласындағы мемлекеттік саясатты қолдап отыр, деструктивті діни ағымдарға қарсы", — деді министр.

Ермекбаев бір жыл ішінде атқарылған жұмыс дін саласындағы жағдайды жақсартуға, сарапшылармен және дін басылармен өзекті мәселелер бойынша диалог орнатуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Мешіт - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр: мешіт салудың жаңа ережесін бекіту керек

"Биыл бұл потенциалды бірлесіп дамыту өте маңызды. Ең әуелі біз ұсынған заң жобасының жұмысын аяқтау қажет. Ол министрлікке емес, қазақстандықтардың қауіпсіз жарқын болашағы үшін қажет. Алқаға қатысып отырған депутаттар да бұл позицияны қолдайды деген үміттеміз", — деді ведомство басшысы. 

Сонымен қатар министр ақпарат топтарының жұмысын жаңа деңгейге көтеруге керек екенін айтты. Ол үшін ақпараттық-насихат жұмысын дамытудың жол картасын әзірлеу қажет. 

"Ақпарат топтары адамдармен тығыз қарым-қатынаста, түрлі аудиориямен жұмыс істейді. Ал жұмыс кей кезде қатып қалған шаблон бойынша, ескі әдіспен жүргізіледі. Барлық аудиторияға бір дәріс оқылып, ресми кездесулер өткізіледі де, жұмыс жүргізіліп отырған өңірдің ерекшелігіне ескерілмейді. Сондықтан дәріс оқитындар лекторлардың ақпараттық және коммуникативті технологиялары болуы керек, аудиторияға қарапайым түсінікті тілмен ұғындыруы тиіс. Ол үшін біз ақпараттық-насихат жұмысын дамытудың жол картасын әзірлеуіміз керек",- деді ол. 

Картаның негізгі тармақтарының бірі лекторларды дайындау мен қайта даярлау орталығын құру болмақ. Орталық лекторлар құрамын даярлап қана қоймай, олардың жұмысын бақылайды, аттестация жүргізіп, рейтинг жасайды. 

"Лекторлар рейтингке сәйкес еңбегіне қарай ақы алуы керек. Орталық жергілікті спефиканы есепке алып, профилактикалық жұмыстың алгоритмін әзірлеуі тиіс", — деді министр.

Жаңалықтар
0