Қоғам

Қазақ тілі оқулығына МС Сайлаубектің есімі енгізілді – видео

© Sputnik / Болат ШайхиновОқулықтар
Оқулықтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Facebook қолданушысы оқулықты видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады

АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Назарбаев зияткерлік мектептеріне түсушілерге арналған тест тапсырмалары  жинағына түсініксіз тілде рэп айтатын МС Сайлаубек туралы сұрақ енгізілген. Бұл туралы Киікбай Жақыпұлы есімді Facebook қолданушысы жазды. 

Ол қазақ тілі оқулығын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады.    

Қазбек Сағидолда мен Серікболсын Дүйсембай жазған оқулықта алдымен Сайлаубек туралы шағын мәтін берілген. Онда "Айтуға оңай", Ресейдің "Пусть говорят" бағдарламаларына қатысқаны, Бішекте концерт бергені жазылған. Тіпті Атырауда туғаны, жасы қырықта екені айтылыпты. Осы мәтіннің негізінде "МС Сайлаубектің жұлдыз болуына не әсер етті?" деген сұрақ қойылған.

 

Жаңалықтар
0