Қоғам

"Үздік студент". Министр Сұлтанов мәжіліс төрағасынан "мақтау сөз" естіді

© Sputnik / Болат ШайхиновБақыт Сұлтанов
Бақыт Сұлтанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс отырысында төраға министр Бақыт Сұлтановпен әзілдесті

АСТАНА, 14 ақпан — Sputnik. Бүгін мәжіліс отырысына келіп, заң жобасы бойынша баяндама жасаған қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннен "мақтау сөз" естіді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрлан Нығматулин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Нығматулин "біз бизнесті қорғаймыз" деп кеудесін соғып жүретіндер туралы айтты

Бүгін Мәжілісте Қазақстан мен Беларусь үкіметі арасындағы табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы хаттаманы ратификациялау бойынша министр Бақыт Сұлтанов баяндама жасады. Ол осы заң жобасы бойынша депутаттардың сұрағына мүдірместен жауап беріп жатқан кезде мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин оның осы өнеріне тәнті екенін айтып қалды.

"Сіздің сұраққа жауап беруіңізге әрдайым тәнті боламын (күледі). Сіз студенттік жылдары үздік студент болған шығарсыз. Сіз емтихан күндері бір аудиториядан кез келген оқытушыға кірген боларсыз. Өйткені барлық сұрақтарға сіздің жауабыңыз әмбебап", — деп әзілдеді Нығматулин.

"Қызыл диплом…", — деп жауап берді оған Сұлтанов.

"Оған ешкім күмән келтірмейді", — деген төрағаның сөзіне депутаттар қосылып күлді.

Жаңалықтар
0