13:25 08 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.60
  • EUR489.92
  • RUB5.85
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
214 0 0

Басқа қызметке тағайындалуына байланысты мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. Бүгін Мәжіліс депутаттары "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған Мәулен Әшімбаевпен қоштасып, оған жаңа жауапты қызметте табыс тіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Сізге парламентте бірлесіп атқарған жұмысыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Сіз әрқашан да өзіңізге жүктелген барлық міндетті үлкен абыроймен атқарып келесіз. Біздің мәжілісте көп жылдар халықаралық істер,қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болдыңыз. Маңызды заңдарды қабылдауға зор үлес қостыңыз. Сонымен бірге парламентаралық байланысты нығайтуға да ерекше ықпал еттіңіз. Сондықтан барлық әріптесіңіздің атынан сізге алғыс білдіреміз", — деген мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Әшімбаевқа партиялық қызметте зор табыстар тіледі. 

Өз кезегінде Мәулен Әшімбаев көп жыл қоян-қолтық жұмыс істеген әріптестеріне алғысын білдірді. 

"Сіздердей саясаткерлермен, мамандармен жұмыс істеу мен үлкен мәртебе болды. Жұмыс қызықты, екінші жағынан мәжілістегі жұмыс мен үшін үлкен кәсіби мектеп, өмірлік мектеп болды деп айтуыма толық негіз бар. Өз тарапымнан мәжілістің нәтижелі жұмысына өзімнің үлесімді қосуға тырыстым. Енді Елбасы партиядағы лауазымды қызметке тағайындады. Ол мен үшін үлкен жауапкершілік. Елбасының сенімін ақтауға бар күшімді салатын боламын", — деді Әшімбаев. 

Айта кетейік, таяуда Мәулен Әшімбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Загрузка...

Басты тақырып