Қоғам

"А-Студио" тобының мүшесіне Украинаға кіруге тыйым салынды

© SputnikА-Студио
А-Студио - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Украинаға бара алмайтын музыканттың есімі айтылмай отыр

АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. Қырымдағы гастроль үшін "А-Студио" тобының мүшесіне үш жылға Украинаға кіруге тыйым салынды, деп жазады РИА Новости.

Әртісті жексенбі Киев әуежайында ұстап, Алматыға жіберген. Украинаның шекара қызметі атап өткендей, поп-группа мүшесі 2016 жылы қарашада Қырымда өнер көрсетіпті. 

"А-Студио" — қазақстандық музыкант Байғали Серкебаев 1982 жылы құрған қазақстандық-ресейлік топ. Қазіргі уақытта топтың құрамында Серкебаевтан басқа солист Кети Топурия мен басист Владимир Миклошич бар. 

 

 

Жаңалықтар
0