АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik. "Қазгидромет" РМК еліміздің үш облысында қатты желге байланысты дабылды ескерту жариялады.
"Бүгін күндіз және 25-27 қаңтар аралығында Қызылорда облысының кей жерлерінде шығыс, солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18-23, кей уақыттарда екпіні 30 м/с-қа дейін жетеді. Ал Ақтөбе облысында бүгін және ертең оңтүстік-шығыстан 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 30 м/с-тан асады. 25-27 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18-23, кей уақыттарда 30 м/с-қа дейін барады", — делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, дауыл ықтималдылығы – 90-95%.