Қоғам

Бұрынғы мәдениет министрі қайтыс болды

© Sputnik / Сергей КимГүл шоқтары, архивтегі сурет
Гүл шоқтары, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жексенбек Еркімбеков 1976–1987 жылдары Қазақ КСР-нің мәдениет министрі болып қызмет етті

АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. 21 қаңтарда еліміздің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, отандық мәдениеттің өрлеуіне өлшеусіз үлес қосқан дарын иесі, он бір жылға жуық Қазақ КСР-нің мәдениет министрі болған Жексенбек Еркімбекұлы Еркімбеков 88 жасына қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 

© Photo : Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіЖексенбек Еркімбекұлы
Жексенбек Еркімбекұлы  - Sputnik Қазақстан
Жексенбек Еркімбекұлы

Жексенбек Еркімбекұлы абыройлы еңбек етіп, ғибратты өмір сүрді. Ол Алматы мемлекеттік консерваториясын домбырашы-дирижер мамандығы бойынша бітіріп, Қазақ радио комитетінің жанындағы ұлт-аспаптар оркестрінде, Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінде домбырашы болған. Құрманғазы оркестрі құрамында Бухарест қаласындағы Дүниежүзілік жастар мен студенттердің ІV фестиваліне қатысып, алтын медальмен марапатталды. Жексенбек Еркімбеков 1930 жылы 5 қаңтарда Алматы облысы, Ескелді ауданы, Биғаш ауылында дүниеге келген.

Қозы-Көрпеш Жаңбырши - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚР есеп комитетінің басшысы өмірден озды
1956–1958 жылдары Алматы хореография училищесінің директоры, Қазақ радиосы музыка редакциясының көркемдік жетекшісі, Қазақ КСР ән-би ансамблінің директоры, 1959–1961 жылдары Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитетінің мәдениет секторының меңгерушісі, 1961–1966 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры қызметтерін атқарды. 

1966–1976 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде өнер басқармасының бастығы, министрдің орынбасары, 1976–1987 жылдары мәдениет министрі болып қызмет етті.   

Жексенбек Еркімбеков Қазақ КСР мәдениет министрі болып қызмет атқарған кезінде мәдениет саласының кадр даярлау деңгейі айтарлықтай өсіп, ансамбльдер мен оркестрлер құрылды, жаңа театрлар, филармониялар, кітапханалар, мәдени орталықтар, жылжымалы автоклубтар және автомузейлер ашылды. Алматы қаласында Республика сарайы, М.Әуезов атындағы және М.Лермонтов атындағы театрлардың ғимараттары соғылып, Алматы хореографиялық училищесі, К.Байсейітова атындағы және А.Жұбанов атындағы дарынды балалар музыка мектептерінің, П.Чайковский атындағы Алматы музыка училищесінің жатақханасымен бірге жаңа ғимараттары бой көтеріп, Орталық концерт залы, Ұлттық музей, Ә.Қастеев атындағы музей ашылды. Еліміз бойынша жалпы саны 200-ге жуық мәдениет мекемесі құрылды. 

Бұдан басқа, Жексенбек Еркімбекұлы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаты болды.

Жексенбек Еркімбеков мемлекеттік жоғары наградалармен, 2 рет "Құрмет" ордені және бірнеше медальмен марапатталған. 

Мұзафар Әлімбаевпен қоштасу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Өнегелі өмір: 2017 жылы дүниеден өткен ардақты азаматтар
"Жылдар өтсе де, Жексенбек Еркімбекұлы Еркімбековтің жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталады. Марқұмның туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз", — делінген хабарламада. 

МСМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 23 қаңтарда, сағат 10.00-де Алматы қаласында Абай атындағы академиялық мемлекеттік опера және балет театрында өтеді.

Жаңалықтар
0