Қоғам

Нью-Йоркте қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды

CC0 / Congerdesign / кітап, архив суреті
кітап, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орталық қорында 200-ге жуық қазақ кітабы бар

АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Нью-Йоркте қоғамдық кітапханада қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды.

Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай жаңа кітап жарық көрді - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай жаңа кітап жарық көрді

Орталықта Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары, сонымен қатар тарихи, ғылыми және көркем әдебиет қойылған. Барлығы кітапханада 200-ге жуық кітап бар. 

"Бұл тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, оның экономикадағы, саясаттағы, әлеуметтік саладағы табыстарын кітап арқылы жеткізу үшін тамаша мүмкіндік", — деп жазған ұлттық академиялық кітапхананың құжаттарды өңдеу қызметінің жетекшісі Нұрбала Текесбаева. 

Нью-Йорк қоғамдық кітапханасы – әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі. Қорының көлемі бойынша тек Конгресс кітапханасы мен Британдық кітапханаға ғана жол береді. 


Жаңалықтар
0