Қоғам

Астанада үлескерлерді алдап соққан компания басшысы қамауға алынды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуҚұрылыс, архив суреті
Құрылыс, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үй салуға рұқсаты болмаған кәсіпкер тұрғындарды алдап, ақша жинап алған

АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. Астана қаласының ішкі істер департаменті аудандық соттың санкциясымен "Алтын Сапа 2011" және "Business Standart" құрылыс компанияларының басшысы Аслан Мусинді қамауға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Үлескерлер Әсет Исекешевпен кездесті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Әкімдіктегі дүрлігу: үлескерлер Әсет Исекешевтен не талап етті?

Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу барысында Мусиннің мемлекеттік органдардың рұқсат құжаттары болмаса да,  адамдарды алдап, олардан "Зере 2" тұрғын үй кешенінің құрылысына ақша жинап, оны жұмсап қойғаны анықталды. 

Қазіргі уақытта полицияға 6 азаматтан арыз түскен, оларға келген шығын көлемі 30 миллион теңгеге жуықтайды.

Бұдан бөлек ішкі істер департаменті Мусин алдап соққан тұрғындарды Астана ІІД-нің тергеу басқармасына хабарласуды сұрайды. 


Жаңалықтар
0