Қоғам

Әуезов атындағы театр директорының міндетін атқарушы тағайындалды

© Sputnik / Серикжан КовланбаевМұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пара алды деп айыпталған Ерлан Біләл уақытша қызметтен шеттетілді

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігі Sputnik Қазақстан агенттігіне хабарлағандай, Жандарбек Садырбаев Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры міндетін атқаратын болды.

КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Асанәлі Әшімов парамен ұсталған театр директорына қолдау көрсетті

Ведомство мәліметіне сүйенсек, пара алды деген күдікпен ұсталған Ерлан Біләл 4 қаңтардан бастап істің мән-жайы анықталғанға дейін директор қызметінен шеттетілген. Қазір оның міндетін шығармашылық жұмыс бойынша директордың орынбасары Жандарбек Садырбаев атқарып жүр.

Өткен аптада Ерлан Біләлдің 1,5 миллион теңге көлемінде пара алмақ болғаны анықталды. Театр директоры кінәсін толық мойындауына байланысты ұсталған жоқ.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрын 2015 жылдың 27 сәуірінен бері басқарып келді.

Жаңалықтар
0