Қоғам

Мақпал Жүнісова: Біздің ерке баламыз ғой, Төрешті кешіріңіздер

Жазылу
Әнші Төреғали Төреәлі Павлодардағы концертте дөрекілік көрсетіп, басы дауға қалған еді

АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Мақпал Жүнісова Қуандық Рахымның концерті кезінде барша халықтың алдында Төреғали үшін кешірім сұрады. 

Видео инстаграмдағы пабликтерді бірінде жарияланды. 

Қуандық Рахымның кешінде ән шырқаған Мақпал Жүнісова ел алдында Төреғалидің Павлодардағы әрекеті үшін кешірім сұрады.

"Төрешті кешіріңіздер. Сағы сынбасын. Ерке баламыз ғой біздің. Енді қайталанбайды. Өнерде сүріну деген аяқ астынан. Кеше ғана Төрешіміз солай сүрініп кетті. Мен де талай сүрінгенмін. Мен үшін ұлдарыңызды кешіріңіздер! Халық кешірімді. Енді қайталамасын деп жатырмын. Жаңа ғана маған келіп, Төреғалиді жақтаңызшы деп жатыр. Төреш қиналып жатқанда, мен неге сүйеп жібермеймін?!", — деген әнші Төреғали үшін иіліп кешірім сұрады.

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде танымал әнші Төреғали Төреәлінің өз концертінде ерсі қылық көрсеткен видео тараған болатын. Әнші концертіне келген көрерменінің бірімен дөрекі сөйлесіп, оғаш мінез танытады. Осы видеодан кейін көпшілік әншіні сынға алады. Ал отандық радиолардың бірі  Төреғалидің әндерін эфирден алып тастайтынын мәлімдеді. Жағдай ушығып бара жатқан соң әнші инстаграм арқылы тікелей эфирге шығып, халықтан кешірім сұрайды.

 

Жаңалықтар
0