Қоғам

Қазақтың шахматшы қызы ЮНИСЕФ-тің ерікті елшісі болады

© фото из социальных сетейҚазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова
Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Динара Сәдуақасова – Қазақстан мен Орталық Азия шахматшылары арасында рейтингі ең жоғары гроссмейстер

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы ерікті елшісі атанбақ. 

ЮНИСЕФ-тің құрметті атағы 1954 жылдан бері беріліп келеді. Ұйым балалардың құқығын қорғауға үлес қосып жүрген танымал адамдардың көмегімен балалар проблемасына назар аударуды көздейді. 

Динара Садуакасова - Sputnik Қазақстан
Спорт
Шахмат ханшайымы Динара Сәдуақасова әлемнің ең мықты 30 әйелінің қатарына енді
Динара Сәдуақасова – Қазақстан мен Орталық Азия шахматшыларының арасында рейтингі ең жоғары халықаралық гроссмейстер. Ол әлемдік рейтингте 23-ші орын алған. 

"Динараның ерікті елші болып тағайындалуы Қазақстандағы мұқтаж балалардың проблемасына назар аударуға мүмкіндік береді", — деп санайды ЮНИСЕФ.

2009 жылы әнші әрі композитор Батырхан Шүкенов ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы алғашқы ерікті елшісі атанған еді.


Жаңалықтар
0