Қоғам

Үкімет өкілі 65 млн еуроға Парижде пәтер алды деген ақпарат тексеріліп жатыр

Жазылу
Қазақстан үкіметінің өкілі Парижде қымбат үй сатып алғаны хабарланған еді

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Қазақстан билігі үкіметтегілердің бірі Парижде құны 65 миллион еуро болатын пәтер сатып алды деген ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлады Бас прокурор Жақып Асанов. 

"Бұл жаңалықтан хабардармын. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпаратты тексеріп жатқанын білемін", — деді Асанов бүгін БАҚ өкілдеріне.

Бұған дейін Mansion Global жылжымайтын мүлік агенттігінің сайты Қазақстан үкіметінің өкілі Парижде құны 65 миллион еуро (25 миллиард теңге) болатын қымбат пәтер сатып алғанын хабарлаған еді.

Жаңалықтар
0