Қоғам

Бас прокуратура: қылмыстық процеске қарапайым халықтың көзімен қарадық

© SputnikҚР Бас прокуратурасы
ҚР Бас прокуратурасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас прокуратура әзірлеген жаңа заң жобасы адамның жанына бататын мәселелерді шешпек

АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Мәжілісте Бас прокуратура кейбір заңнамалық актілерге құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Жәмила Айымбетова-Тоқмәди мен Мұратхан Тоқмәди - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тоқмәдидің әйелі Бас прокуратура мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

"Бұл заң жобасы қылмыстық процесті реформалау емес. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізілген қылмыстық саясаттың жалғасы. Оның басты концепциясы қылмыстық процесті одан әрі жетілдіру және осы қылмыстық процеске қарапайым халықтың көзімен қарау болып отыр", — деді заң жобасын таныстырған ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов

Ол заң жобасының 5 маңызды бағытты қамтитынын атап өтті. 

"Бірінші бағыт – қылмыстық процесте адамның құқын қорғау деңгейін арттыру. Екінші бағыт – қылмыстық процесте жарыспалықты күшейту. Тағы бір алға қойып отырған мәселеміз — сотқа дейінгі сот бақылауын күшейту. Төртінші бағыт – тергеу жүргізу тәртібін оңтайландыру және тағы бір бағытымыз – тергеу,прокуратура және сот өкілеттіліктерінің қайталануын болдырмау, олардың нақты бөлу. Бұл шаралар қылмыстық процесті жаңғыртуға, оны жетілдіруге бағытталған", — деп атап өтті Ахметжанов. 

Бас прокурор орынбасарының айтуынша, озық елдерде жаңа технологиялардың бәрі адамның құқығын қорғауға бағытталған. Бұл тәжірибе кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Ол жаңа заң жобасының адамның жанына бататын нақты мәселелерді шешетінін атап өтті. 

"Бірінші мәселе – адамды санкциясыз ұстау мерзімі. Конституцияда оның жоғарғы шегі бекітілген. Өздеріңіз білесіздер, ол 72 сағат. Оны біз 48 сағатқа қысқартуға ұсыныс жасап отырмыз. Ал кәмелетке толмағандар үшін 24 сағатқа қысқартуды ұсынып отырмыз. Мұндай ұсыныс неден туып отыр дейсіздер ғой? Ең бастысы —  адамның құқы. Әрине, 48 сағат – ол халықаралық стандарт. Барлық дамыған елдерде осы мерзім көрсетілген. Бізде де оған ұмтылуымыз керек", — деп баяндады ол. 

Екінші — адамды ұстау кезеңі. Бұл ретте оларды қинап жауап алып, мойындату секілді әрекеттер болуы мүмкін. Сондықтан осы саланы одан әрі жетілдіріп, мерзімін қысқартып, прокуратура қадағалауын күшейту талабы қойылып отыр.

"Бірақ 72 сағат мерзімі мынандай күрделі істер — аса ауыр қылмыстар, терроризм және экстремизм, жаппай тәртіпсіздік, қылмыстық топтар жасаған қылмыс; заңсыз есірткі айналымы және кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыстар; адам өліміне әкелген қасақана іс-әрекеттер, сонымен қатар жер шалғай болғанда, адамды сотқа уақытында сотқа жеткізу мүмкіндігі болмағанда қалады", — деді Ахметжанов.


Жаңалықтар
0