Қоғам

Депутат мұқтаж азаматтар үшін несиенің пайызын төмендету мәселесін көтерді

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуНесие
Несие - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы үшін несиенің пайызын төмендетуді қарастырмақ

АСТАНА, 26 қыркүйек  - Sputnik. Мәжіліс депутаты Марат Бопазовтың пікірінше, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендету мәселесін қарастыруы керек, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әуежайдағы туристтер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шетелге шығатын туристі міндетті сақтандыру бойынша жаңашылдықтар енгізіледі

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі осы уақытқа дейін 17 миллирад теңге пайда тапқан екен. Осының есебінен халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендету банктің жоспарында бар ма? Көптеген азаматтың үй алуға мүмкіндігі жоқ. Егер несиенің пайыздық мөлшерлемесі төмен болса, менің ойымша, бұл мәселені 40 пайызға шешер еді. Қазіргі таңда 2,5 млн адам үй алуға кезекте тұр. Болашақта осы мәселені қарастыруға бола ма?", — деп сұрады депутат мәжілісте өткен отырыста банк өкілінен. 

Банктің басқарма төрағасының орынбасары Мирас Бейсембаев бұл мәселе қарастырылатынын айтты. 

"Біз таза түскен табысты қалай пайдалану қажеттігі бойынша акционерлерімізбен ақылдасамыз. Оның ішінде әлеуметтік әлжуаз топтарға несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендету мәселесі бар", — деді ол.

"Өткен аптада парламент қабырғасында әскери қызметкерлерді үймен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Сонда Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің төрайымы Ләззат ханым 17 млрд теңге табыспен бітірдік деп айтты. Сонда мен ол кісіден әл-ауқаты төмен жастарға несиені 5 пайызбен емес, одан да төмен пайызбен берсек қалай болады деп сұрадым. Бүгін де сол сұрақ қойылды. Банк өкілдері қараймыз деді. Шешіле ме, шешілмей бе — оны алдағы уақыт көрсетеді", — деді депутат Бопазов БАҚ өкілдеріне отырыстан кейін.

Жаңалықтар
0