04:17 24 Шілде 2021
Тікелей эфир
  • USD424.68
  • EUR499.76
  • RUB5.77
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
225 0 0

Қазақстанның Білім министрлігінің басшысы бірінші сыныпқа келген бала әріп танып, оқу білуі керек деп мәлімдеді. Ол үшін екі жылдан кейін барлығына міндетті болатын 0-сыныптар енгізіледі

АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. 2019 жылдан бастап Қазақстанда 0-сыныпқа бару міндетті болады, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. 

"2019 жылы біз 0-сыныптарды енгіземіз: 0+11, яғни 12-жылдық білім беруге жүйесіне өтеміз", — деді Сағадиев сенаттағы парламент тыңдауында. 
"Бұл барлық балаларға міндетті болады. Ол жерде 25 минутқа созылатын екі немесе үш сабақ болады. Қазіргі мектеп алды даярлықтың реті тәрізді", — деп мәлімдеді министр.
Ол, мектеп алды даярлық жүйесінде Қазақстан бойынша біркелкі бағдарлама қабылданып, мемлекет арнайы оқулықтар шығарады, деп атап өтті.  
Оған қоса, министр: "Бала бірінші сыныпқа барған бала ол сол бірінші сынып бағдарламасына дайын болуы керек. Бүгінде бірінші сыныпқа келген балалардың 85% оқи алады, олардың30% шапшаң оқиды. Олардың шамамен 75% санауды біледі, ал шамамен 15% балалар екі таңбалы сандармен жұмыс жасай алады.  Осылардың қатарында оқу білмейтін 15% балалар сыныпты артқа тартады. Бұл мұғалімге өте қиын", — деді.
Сағадиевтің айтуынша, осылайша бірінші сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің білім деңгейі бірдей болады. 


Загрузка...

Басты тақырып