21:59 19 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD428.05
  • EUR501.20
  • RUB5.47
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
70 0 0

Қалалық мәслихаттың депутаты Қарақат Әбденнің айтуынша, ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеу мектепке дейінгі мекемелерден бастау алу керек

АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik.  №19 сайлау округінің депутаты Қарақат Әбден қазақстандық қыздарға ұлттық киімді тек мереке кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де киіп жүруді ұсынды. 

"Рухани жаңғыруға қатысты айтарым: біздің жастардың арасында ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді дәріптеу қажет. Бұған қатысты жұмыс мектепке дейінгі ұйымдардан басталуы керек. Осыған орай, ұлттық ерекшелік белгісі бар киім енгізу мәселесін қарастыруға болады. Егер біздің қыздар ұлттық киімді тек мерекелерде ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де киетін болса, жаман болмас еді", — деп мәлімдеді Қарақат Әбден.

Өзінің қалалық мәслихаттағы қызметіне қоса, Қарақат Әбден өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелермен айналысатын "Қазақ Қызы" ұйымының төрайымы болып табылады.  

 

 

 

 

 

 


Загрузка...

Басты тақырып