Қоғам

Астанада асфальт бетінде қасиетті кітап жазбалары пайда болды

© Photo : предоставлено очевидцамиАсфальт бетіндегі жазбалар
Асфальт бетіндегі жазбалар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астаналық тұрғындарға үйреншікті болған жүрекшелер мен ою-өрнектер қатарын ендігі кезде жазулар толықтырды

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Астанада Абылайхан даңғылы ауданындағы жаяу жолдарда қасиетті кітап сөздерінің жазбалары пайда болды. 

Қала тұрғындар мен қонақтарын жергілікті аула тазалаушы – Саша ағайдың үйреншікті туындылары таң қалдырды. 

Суретші: "Өзіңе және білімге үңіл, онымен үнемі айналыс, сол жағдайда өзіңді және өзіңді тыңдаушыларды да құтқара аласың. Інжил. 1. 4 т. 16 ж.", — деп жазған. 

© Photo : предоставлено очевидцамиЕр адам асфальтқа сурет салып жатыр
Ер адам асфальтқа сурет салып жатыр - Sputnik Қазақстан
Ер адам асфальтқа сурет салып жатыр

Суреттердің авторын камера түсіріп алған. 

Астаналық аула тазалаушы Саша ағай былтырғы жылы қыста күллі қалаға танымал болды. Ол кезде ер адам күректің көмегімен қар бетінде жүрекшелер салып қойған еді. Жаздың жылы күндері оның құралдары бояу мен қылқалам болған. 

Жаңалықтар
0