Қоғам

Депутаттар каникулдан оралды

© Sputnik / Болат ШайхиновПарламент үйі
Парламент үйі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алтыншы сайланған парламенттiң үшiншi сессиясы ашылды

АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында алтыншы сайланған парламенттің үшінші сессиясын ашты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Биыл біз жаңғырудың жаңа көкжиектерін ашып, іргелі процестерді жүйелі түрде жүзеге асыруға кірістік. Жаңғыру үрдісі негізгі үш сала – экономикалық, саяси және рухани бағыттар бойынша өрбуде. Бұл реформалардың негізінде біз "Қазақстан-2050" стратегиясындағы мақсаттарға жетеміз", — деді Елбасы өз сөзінде. 

Мемлекет басшысы өткен сессияда біршама жұмыс атқарылғанын атап өтті. 

"Депутаттардың белсенділігі де жоғары дейгейде. Сіздердің бастамаларыңызбен бір жылда он бес заң жобасы дайындалды, он жеті үкімет сағаты мен жеті парламенттік тыңдау аясында билік тармақтары маңызды мәселелер бойынша қоян-қолтық жұмыс істеді", — деген Президент алдағы уақытта маңызды мақсат-міндеттер тұрғанын қадап айтты.

Жаңалықтар
0