Қоғам

Сирияға джихадқа бармақ болған алматылық жігіт сотталды

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтусотталушы, архив фотосы
сотталушы, архив фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол "салафизм" радикалдық ағымын ұстанған

АСТАНА, 2 тамыз — Sputnik. Алматыда қарулы джихадқа қатысу үшін Сирияға кетпек болған ер адам алты жылға сотталды, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматының Алматы аудандық соты "салафизм" радикалдық діни ағымын ұстанушы ер адамға қатысты қылмыстық істі қараған. Ол "Джабхат ан-нусра" террористік ұйымының қатарында қарулы джихадқа қатысу үшін Қырғызстан және Түркия арқылы Сирияға бармақ болған. 

"Сот шемімі бойынша М. ҚР Қылмыстық кодексінің 24 бабы 1 тармағы, 257 бабы 2 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздіктегі мекемесінде өтейтін болады", — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 

Сот үкімі заңды күшіне енді. 


Жаңалықтар
0