17:00 15 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD428.71
  • EUR519.12
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
54 0 0

Бүлдіршін бірнеше сағат бойы көрме аумағындағы балалар алаңында бірнеше сағат бойы ұйықтаған

АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Ерлі-зайыптылар ЭКСПО-ны аралап болып, көрме кешенінің балалар алаңында ұйықтап жатқан екі жасар ұлын ұмытып, қонақ үйге кетіп қалған. 

Бұл оқиғаны ЭКСПО-2017 жұмысының бірінші ай қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында қауіпсіздік департаментінің директоры Рүстем Шәкенов. 

Жалпы бір айда күрделі бұзушылықтар тіркелген жоқ. 10 маусымнан бастап 670-ке жуық оқиға тіркелді. Олардың 12-сі құқық бұзушылық. Бұл ретте оқиғаның 90%-ы жоғалып қалған балалармен байланысты. 

"Бізде күлкілі оқиға болды, итальяндық жұп сәбиін ЭКСПО-да ұмытып кеткен. Ата-анасы қонақ үйге кетіп қалған. Біздің қызметкерлер балалар алаңында бірнеше сағат бойы қасына ешкім жақындамаған бала арбасын байқаған. Онда екі жасар шамасындағы бүлдіршін ұйықтап жатқан. Біз ата-анасын іздестіре бастадық, оқиға туралы жариялап, сәбиді өзімізге алып кеттік. ЭКСПО-дағы полиция бөлімшесінде сондай балаларға арналған арнайы бөлме бар. Ата-анасы нәтижесінде табылып, сәбиге оралды. Жағдайды пайдалана отырып, барлық ата-ана мен қамқоршылардан балаларына мұқият болуларын сұраймын. Көмек қажет болған жағдайда біздің қызметкерлерге бірден хабарласыңыздар", — деп атап өтті Рүстем Шәкенов. 

Сондай-ақ ол кезекшілікке күн сайын қауіпсіздікті қамтамасыз ететін 2000 мыңнан астам адамның түсетінін айтты.  


Загрузка...

Басты тақырып