07:49 19 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
293 0 0

Қазақстан халқы 18 миллион 14 мың адамға жетті

АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Талдықорғанда 2017 жылғы 11 мамырда  дүниеге келген Мүслима Саматқызы Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны болды, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.  

Талдықорған тұрғынының дүниеге келуімен Қазақстан халқының саны 18 миллионға жетті. 

"Саматқызы Мүслима 11 мамыр күні Алматы облысының Талдықорған қаласында дүниеге келді.  Туған кездегі нәрестенің салмағы туу сәтінде 3300 грамм, ал бойы 51 см болды. Нәрестенің ата-анасы Талдықорған қаласында тұрады: анасы – Омарханова Диана Ерікқызы – дефектолог, 1991 жылы туған, әкесі – Бестібаев Самат Еркінбекұлы — мұғалім — 1982 жылы туған", — деп атап өтті министр.

Ведомствода атап өткендей, 18 миллионыншы тұрғынның туған күнін анықтау барлық демографиялық оқиғаларды: халқы саны өсімі (туу және иммиграция) және төмендеу (өлім және эмиграция) компоненттерін ескере отырып жасалды. Комитет 18 миллионыншы тұрғынды АХАТ органдары 2017 жылғы 11 мамырда тіркеген туу туралы акт жазбалары мәліметтері негізінде қалыптастырылған туған күндер базасындағы туған балаларды іздеу жолымен анықтады. 

"Кандидатура олардың аналарының тұрғылықты жеріне (қалалық/ауылдық жер), олардың білім деңгейі мен кәсіптер түріне, сондай-ақ жаңа туған нәрестелердің жынысы, салмағы мен бойына қарамастан тұтастай алғанда республика бойынша анықталды", — делінген хабарламада.

Жалпы, тәуелсіздік жылдары ішінде халық саны 1 562,5 мың адамға немесе 9,5%-ға өсіп, ағымдағы жылғы 1 маусымға 18 014,2 мың адамды құрады.


Загрузка...

Басты тақырып