Қоғам

"Музарт" тобы қатерлі ісікке шалдыққан балаларды қуантты

© Photo : Астана әкімдігінің ресми сайты"Музарт" тобы қатерлі ісікке шалдыққан балалармен кездесті
Музарт тобы қатерлі ісікке шалдыққан балалармен кездесті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әншілер қатерлі дертпен ауыратын балалармен кездесті

АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. "Музарт" тобының мүшелері Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев және Кенжебек Жанәбілов «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» қатерлі ісік дертіне шалдыққан балалармен кездесіп, керемет көңіл-күй сыйлады, деп жазады Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Димаш Құдайбергеновтың Астанадағы концерті - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш Астанада өткен алғашқы жеке концертінде лық толы стадион жинады

"Біз сіздерді жұбатуға сондай-ақ көңілдеріңізді көтеріп, қуаныш сыйлауға келдік. Жаратушымыз сынақты көтере алатын жандарға береді, сондықтан көңілдеріңізді түсірмей, тек жақсы ойлаңыздар", — деді әңгіме барысында Сәкен Майғазиев.

Орталықта емделіп жатқан бүлдіршіндер арасында өнерлі балалар да бар. Олар келген қонақтарға әндерін айтып, би биледі. Қуанышқа толы өткен отырыстан соң, топ мүшелері барша ықылас білдірген жандармен фотоға түсіп, өз қолтаңбаларын қалдырды. 

Айта кетейік, 3 шілде күні "ЭКСПО-2017"  халықаралық көрмесі аясында және қала күніне арнап "Музарт" тобы екі мерекелік концерт өткізеді. 

Концерт жанды дауыста "Музарт" ансамблінің сүйемелдеуімен өтеді. Сонымен қатар, кешке "Музарт LIVE" мегажобасының жеңімпаздары, топтың ізбасарлары қатысады. Концертте "Музарт" тобының ел аузында жүрген хит әндері мен халықтың сүйіспеншілігіне айналған шығармалары орындалады. Аталмыш концертте бірнеше жаңа әннің тұсауы кесіледі. 

 

 

 

Жаңалықтар
0