Қоғам

Абаев Қазақстан туының гей-шерулерде көрінуіне қатысты пікір білдірді

© SputnikДәурен Абаев
Дәурен Абаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәурен Абаев Қазақстан туын гей-шерулерде пайдалануға қатысты ішкі наразылықты білдіру құқығын дипломаттар мен қоғамға "берді"

АСТАНА, 26 сәуір — Sputnik. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстан туының шетелдердегі гей-шерулерде көрінуіне қатысты пікір білдіргені туралы айтты. 

Девушка держит флаг Казахстана - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Қазақ елінің туы танымал америкалық телешоуда көрсетілді

Бұдан бұрын қазақстандық БАҚ, Нью-Йорктегі сексуалдық азшылық шеруіне қатысушылардың бірі іс-шараға Қазақстан туымен шыққанын хабарлаған болатын.

 Парламентте ақпарат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі түзету жобаларын талқылау барысында мәжіліс депутаты Тұрғын Сыздықов, шет елдерде "түбірінен ұлттық санаға қайшы келетін" гей-шеруінің қатысушылары Қазақстан туларын желбіретіп жүретінін айтты. Осыған орай Сыздықов Абаевтан мемлекеттік құрылымдардың реакциясы туралы сұрады. 

"Меніңше, жалпы тәжірибе келесідей, егер ол шеттен шыққандық болса, сол елдегі жергілікті органдар, оның ішінде құқықтық тәртіп органдары тиісті шаралар қолдануы үшін наразылықтарын білдіре алатын біздің елшіліктер, дипломатиялық өкілдіктер бар", — деп жауап берді Абаев. 

"Бұл жерде біз мемлекеттік орган ретінде қалай әрекет етуге тиіспіз? Қазіргі таңда бұл жерде мен ішкі наразылық білдіруден басқа құқықты өрісте ештеңе көріп отырған жоқпын. Қоғамның да осы мәселеге қатысты наразылық білдіру тиістігі — ол басқа мәселе", — деп қосты министр. 


Жаңалықтар
0