Қоғам

Шетелдегі қазақтар Мюнхен қаласында мешіт салмақ

© Photo : ҚМДБ баспасөз қызметіГермания мен Швециядан келген қазақтармен Бас мүфти кездесті
Германия мен Швециядан келген қазақтармен Бас мүфти кездесті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мешіт тұрғызуға жомарт жандардың көмегі керек

АСТАНА, 16 маусым — Sputnik. Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Германияның Мюнхен қаласынан келген Сүлеймен Шадкам мен Щвецияның Весторос шаһарынан келген Зафер Алтайды қабылдады, деп хабарлайды діни басқарманың баспасөз қызметі. 

Кездесуде шетелдегі қандастарымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігі сөз болды. Бас мүфти Діни басқарманың жұмысын жан-жақты баяндап, шетелде тұратын қазақтар туралы пікірімен бөлісті.

Сүлеймен Шадкам мен Зафер Алтай Мюнхен қаласында мешіт тұрғызу туралы жоспарлары бар екенін, осы бағытта жомарт жандарды сауапты іске атсалысуға шақырып жүргендерін жеткізді. 

ҚМДБ төрағасы қандастардың бұл бастамасына қолдау білдіріп, жұмыстарына береке тіледі.

 


Жаңалықтар
0