Қоғам

Әблязов ісі: сотталушылардың бірі айыбын мойындады

© AFP 2024 / Sandor GemesКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БТА Банк басқармасының бұрынғы төрағасы Сәдуақас Мәмеш бүгін таңқаларлық мәлімдеме жасады

АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Аблязов ісі бойынша кезекті отырыс өтті. Сот тергеуі аяқталып, тараптар екі жақтың пікірсайысына дайындалып жатқан болатын. Алайда бүгін сотталушылардың бірі, БТА Банк басқармасының бұрынғы төрағасы Сәдуақас Мәмеш күтпеген жерден айыбын мойындады.

Жақсылық Жарымбетов - Sputnik Қазақстан
Экономика
БТА банктің бұрынғы топ-менеджері: Әблязов қоластындағыларды пайдаланған

"Мен бір мәлімдеме жасағым келеді. Өзім қол қойған барлық эпизодтар бойынша кінәмді толығымен мойындайтынымды мәлімдеймін", — деді сотталушы.

Сот жаңа жағдайлардың пайда болуына байланысты сот тергеуін қайта бастау туралы шешім қабылдау үшін бес минут үзіліс жариялады. Отырыс жалғасқан кезде мемлекеттік айыптау сотталушының қай эпизодтар бойынша кінәсін мойындайтынын нақыталуды сұрады.

"Мен банк қарызы туралы келісімге қол қойып, соның нәтижесінде банктің ақшасы шығарылып, жымқырылғаны үшін, яғни қаражат қымқыруға көмектескенім үшін айыпты екенімді мойындаймын", — деп жауап берді сотталушы.

Сонымен қатар, ол банктен ұрланған қаражатты заңдастырғаны үшін де кінәсін мойындады. Кейінірек тергеу кезінде, Мәмеш тағы бірқатар эпизодқа қатысты айыбын мойындады. Прокуратура өкілдері тиісті жазаны белгілеу үшін сот отырысын кейінге қалдыруды сұрады.

Жаңалықтар
0