Қоғам

Астанада ЭКСПО-ға байланысты студенттер үшін оқу жылы кешірек басталады

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуАрхивное фото занятий по алгебре
Архивное фото занятий по алгебре - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жоғарғы оқу орындары ЭКСПО халықаралық көрмесіне байланысты оқу жылын жылжыту шешімін қабылдаған

АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. ЭКСПО халықаралық көрмесіне байланысты Астанада студенттердің оқуы 10 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жалпы қабылданған тәжірибе бойынша оқу жылы бірінші қыркүйекте басталады. ЭКСПО аясында кейбір жоғары оқу орындары оқу процесін 1 қыркүйектен бастауды, бірақ сабақтарды 10 қыркүйектен бастау шешімін қабылдады", — деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғарғы білім департаментінің директоры Ахмет-Зәкі Дархан. 

Оның айтуынша, студенттер үшін оқу жылы қысқармайды, тек бір апта шамасында кейінге шегеріледі.

Айта кетейік, ЭКСПО халықаралық көрмесі Астанада 10 маусымен мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. 


Жаңалықтар
0