06:03 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Дәстүрден тыс киім мен мешітке баруға тыйым салу (8)
92 0 0

Тәуелсіздік жылдары ішінде дін саласындағы мемлекеттік саясатты айқындайтын тұжырымдама алғаш рет әзірленіп отыр

АСТАНА, 2 мамыр  — Sputnik. Үкімет отырысында дін саласындағы мемлекеттің саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдаманың жобасы қаралды.  

"Тұжырымдаманың мақсаты діни саланы реттеу бойынша 2020 жылға дейінгі ғылыми-теориялық негіздерді айқындау, елдегі дін саласын реттеу бойынша заңнамалық-басқарушылық, әлеуметтік-экономикалық шараларды анықтау болып табылады. Оны іске асыру қоғамда және жалпы рухани санада тұрақты және үйлесімді дамуды, жаңғыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", — деп баяндады үкімет отырысында ҚР Дін істері және ақпараттық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев. 

Тұжырымдаманың бірінші бөлімі ағымдағы жағдайды талдауға және діни саладағы мемлекеттік саясаттың дамуын бағдарлауға арналған. Екінші бөлімде мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру бойынша шаралар ұсынылып отыр. 

"Тұжырымдама жобасы Елбасының тапсырмасына сәйкес әзірленді. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты айқындайтын тұжырымдама тәуелсіздік жылдары ішінде бірінші рет әзірленіп отыр. Ол заңнамаға өзгертулер мен толықтыруларды енгізуге негіз болады. Шетелдік тәжірибе зерделеніп, көптеген сарапшылардың қатысуымен әзірленді", — деді ол. 

"Қазақстан дінтанушылар конгресі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Сатершиновтің пікірінше, дiн саласында дұрыс және тиiмдi мемлекеттiк саясатты қалыптастыру маңызды мiндет болып саналады.

"Жалпы руханият саласында осы уақытқа дейiн жалпыадамзаттық құндылықтарды таратып келген дiннiң орнын дұрыс түсiну өте маңызды. Қазiргi кезде бiз байқап отырмыз, әлемнiң түкпiр-түкпiрiнде дiни проблемалар өзектi болып отыр. Және ол өте бiр нәзiк, сезiмтал салаға айналып отыр. Қоғамда дiншiлдiктiң деңгейi артты. Дiни ағымдардың кейбiр өкiлдерi дiндi деструктивтi мақсатта қолдануға тырысып отыр. Сондықтан, Қазақстанда, елiмiзде дiни экстремизмнің қаупi туындауда. Осы орайда, дiн саласында дұрыс және тиiмдi мемлекеттiк саясатты қалыптастыру маңызды мiндет болып саналады. Тұжырымдаманың әзiрленуi осындай өзектiлiктен туындады", — дедi ол. 


Тақырып:
Дәстүрден тыс киім мен мешітке баруға тыйым салу (8)
Загрузка...

Басты тақырып