Қоғам

Cағадиев ата-аналар жиналысына мемлекеттік қызметшілерді босатуды сұрады

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана, казахстанцы
Астана, казахстанцы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ата-аналардың жиналысқа қатысу көрсеткіші өте төмен

АСТАНА, 2 мамыр  — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет басшысынан 12 мамырда өтетін республикалық деңгейдегі ата-аналар жиналысына мемлекеттік қызметшілерді уақытында жіберуге тапсырма беруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ерлан Сағадиев - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Сағадиев сегіз жасар бүлдіршінді құтқарған оқушыға алғыс айтты

"12 мамырда ата-аналар жиналысын республикалық деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз. Ата-аналар жиналысына адамдардың қатысуы өте төмен. Он пайыз ғана қатысады. Барлық мемлекеттік орган, мекеме басшыларына ата-аналарды сол күні жиналысқа уақытында жіберуге үкімет тарапынан тапсырма беруді сұраймыз", — деді үкімет отырысында министр. 

Оның айтуынша, жиналыста мектептердің қамқоршылық кеңесін сайлау және білім саласы бойынша басты мәселелер талқыланады. 

"Ата-аналар жиналысына қатысты тапсырма берудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Әркім өз баласы үшін жиналысқа қатысуға шешім қабылдауы керек. Былай да түсінікті жағдай", — деді өз кезегінде Бақытжан Сағынтаев. 

Сонымен қатар, Сағадиев бірінші маусымда оқушылардың музыкалық парадына дайындық жүріп жатқанын жеткізді.

"Оған қырық мыңнан астам бала қатысады. Парадты жоғары деңгейде өткізуге жергілікті әкімдіктер және Ішкі істер министрлігі қолдау көрсетеді деген ойдамыз", — деді министр.

Жаңалықтар
0