Қоғам

Астананың жаңа вокзалынан 54 пойыз қатынайтын болады

© Photo : пресс-служба АО "НК "КТЖ"пойыз
пойыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"ЭКСПО-2017" көрмесі қарсаңында қосымша сегіз жолаушылар пойызын жолға шығарады

АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Астананың жаңа темір жол вокзалы арқылы қатынайтын пойыздар тізбесі бекітілді, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Жаңа вокзал кешені 54 пойызға қызмет көрсететін болады, олардың 22 жүрдек "Тұлпар-Тальго" 16 стандартты және 16 қала маңына қатынайтын пойыздар.

"ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі қарсаңында Астана-Маңғышлақ, Астана — Атырау, Астана — Шымкент, Астана — Қостанай, Манғышлақ — Астана, Тараз — Астана, Орал — Астана, Қарағанды — Астана бағыттары бойынша қосымша пойыздар жүргізіледі.

Елорда әкімдігімен бірге жаңа вокзалға дейін қоғамдық көлік пен экспресс-маршруттардың қатынауын ұйымдастыру туралы мәселе қаралып жатыр. 

Жаңалықтар
0