15:50 24 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
105 0 0

Бұған дейін мәжіліс вице-спикері Владимир Божко мемлекеттік қызметшілердің жалақысын өсіру туралы шешімнің төрт жыл бұрын қабылданғанын хабарлады

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев парламент депутаттарының жалақысын өсіруге қатысты өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жалақыны мәжілісмендер бекіткен жоқ. Еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін үкімет бекітеді. Бұл тек мәжіліс депутаттарына ғана қатысты емес. Менің түсінуімше, мәжілісмендердің жалақысы комитет төрағаларының деңейінде белгіленіп отыр. Яғни, вице-министрлер, министрлер деңгейінде емес", — деді Перуашев бүгін мәжіліс отырысынан кейін журналистерге. 

Оның айтуынша, бұл орташа деңгейдегі жалақы. 

"Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ұлттық компаниялардағы жалақы көлеміндей емес. Сондықтан мысқылдап, табалаудың қажеті жоқ", — деді ол. 

Айта кетсек, жақында 2017 жылғы 1 наурыздан парламент депутаттарының жалақысы өскені белгілі болды. Кейбір мәліметтерге сәйкес, халық қалаулыларының еңбекақысы 30-дан 50 пайызға дейін өскен. 


Загрузка...

Басты тақырып