Қоғам

Илья Ильин елордалық бабалар үйінің тәрбиеленушілеріне депозит ашты

© Sputnik / Болат ШайхиновИлья Ильин
Илья Ильин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал спортшы өзінің қарамағындағына бұдан кейін де көмек көрсетуге уәде етті

АСТАНА, 27 жел — Sputnik. Атағы дүние жүзіне танымал ауыр атлет Илья Ильин Жаңа жыл қарсаңында балалар үйі тәрбиеленушісінің атына білім беру депозитін ашып, қайырымдылық эстафетасын жалғастырды Жаңа жыл қарсаңында атағы дүние жүзіне танымал ауыр атлет Илья Ильин аяз ата роліне еніп, 13 жастағы қалалық балалар үйі тәрбиеленушісі – Владимир Мигуновқа атаулы білім депозитін ашу арқылы қолдау көрсетті, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Осылайша, жетім балалардың атына білім депозитін ашып және толтырып отыратын Олимпиада ойындары жүлдегерлері Серік Сәпиев және Василий Левит қатысқан қайырымдылық эстафетасын жалғастырды. 

Ильин білім депозитін ашу кезінде жеке қатысқан Василий Левит: "Бұл, шын мәнінде, жақсы іс. Депозиттің бұл түрін кез-келген адам аша алады. Барлығына өз балаларына немесе көмек көрсеткісі келген адамға аш дер едім. Және осы эстафетаны, өзімнің әріптесіме, Илья Ильинге беремін" — деді. 

Василий Левит и балалар үйінің тәрбиеленушісі Алтынбек Багибергенов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Боксшы Левит жетім балаға арнап білім беру депозитін ашты

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шегіндегі қайырымдылық жасау мүмкіндігі туралы біле сала, Илья Ильин бірден балалар үйі тәрбиеленушісінің атына білім депозитін ашуға ниет білдірді. Оның таңдауы, бірден тіл табыса кеткен, қалалық балалар үйі тәрбиеленушісі Владимир Мигуновқа түсті. Білім депозитін ашуға керекті құжаттарды толтырып, депозитке алғашқы жарнаны салғаннан кейін Илья Ильин баламен әрқашан байланыста болатынына сөз берді. 

"Қолымнан келгенше көмек көрсетіп отырамын, енді мен шынында да нағыз үлгі болуым керек. Енді мен сенің болашақ біліміңе ғана жауапты емеспін, сонымен қатар өмірдегі дұрыс жолды көрсетуге, өзімнің дағдарыстарыммен бөлісе отырып, қолымнан келгенше саған көмек көрсетуге тырысамын", — деді Илья Ильин. Спортсменнің айтқан сөздеріне риза болған Владимир Мигунов, атақты ауыр атлетке жақсы оқуына сөз берді. Енді, Илья Ильин тағы да бір балаға жарқын болашақтың кепілі болатын лайықты білім алуға мүмкіндік берді. 

Жаңалықтар
0