22:27 19 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD428.05
  • EUR501.20
  • RUB5.47
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
13 0 0

Қазақтсанның ақпарат және байланыс министрлігінің басшысы Дәурен Абаев, Тәуелсіздік күні әлеуметтік желілердің істен шығуы Мұхтар Әбіләзовпен байланысты емес екендігін мәлімдеді.

АСТАНА, 20 жел — Sputnik. 16 желтоқсан күні әлеуметтік желілермен Youtube бейнехостингіне кіру мүмкіндігінің шектелуі Мұхтар Әбіләзовтің сұхбатына байланысты емес деп хабарлады ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев.

"Жоқ, бұл Әбіләзовтің сұхбатына қатысты емес. Телекоммуникация желілерінде техникалық ақау болды. Мұндай жайттар оқта-текте болып тұрады, менің ойымша, 16 желтоқсан күні болғандықтан жұртты елең еткізген шығар", — деді Абаев сейсенбі күні үкімет отырысынан соң тілшілерге.

Жұма күні 16 желтоқсанда әлеуметтік желілерге кіруде қиындықтар туындай бастады. Сенбі күні әлеуметтік желілерге кіру мүмкіндігі біртіндеп қалпына келді. 

Мұхтар Әбіләзов 16 желтоқсан күні Киевте Youtube арқылы тікелей эфирде сұхбат берген болатын. 

Загрузка...

Басты тақырып