Қоғам

Бес жыл бұрын жоғалған Болашақ студенті АҚШ-та табылды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуАҚШ туы
АҚШ туы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Студенттің ата-анасы оқуын аяқтамаған баласы үшін 19 миллион теңге төлеуге тиіс.

АСТАНА, 8 жел – Sputnik.  Бес жыл бойы із-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық студент Ержан Еліков АҚШ-тан табылды деп хабарлады Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Жанболат Мелдешов.

СІМ - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ҚР СІМ АҚШ-та жоғалған студентті іздестіруде

"Еліков бойынша ақпарат нақты емес болатын. Әкесі баласымен хабарласа алмай отырғандығын айтқан. Ұлын таптық. Америкада тұрып жатыр екен. Мекенжайын тауып, телефон нөмірін әкесіне бердік", — деді Мелдешов бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

"Енді ата-анасы қайтаруға тиіс қаржы көлемі 19 миллион теңгені құрайды", — деді ол.

Жаңалықтар
0