00:30 22 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.71
  • EUR495.53
  • RUB5.99
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
15 0 0

Реформалар тиімді түрде жүзеге асырылу үшін орталық органдар жергілікті атқару органдарының жұмысына араласпауы тиіс.

АСТАНА, 21 қар — Sputnik.  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ІІМ мен басқа да орталық мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы органдардың құзыретіндегі мәселелерді шешуге араласуына разы емес: мемлекет басшысы мұны "бүкіл Қазақстанды орталықтан басқаруға" талпыныс деп бағалады.

"Қазір құқық қорғау құрылымдарына қызметкерлер қабылдау жүйесі жақсарып келеді, жергілікті полиция қызметі құрылып, қызметін атқаруда, ол жергілікті билік өкілдеріне, жергілікті қауымдастыққа есеп беруге тиісті. Бірақ ІІМ мұны қойғызу оңай болмай тұр:осы жерде, Астанада отырып алып бүкіл Қазақстанды басқарғысы келеді – ешкімге ештеңе бермеймін дегендей. Әлі күнге дейін жергілікті полиция қызметкерлерін тағайындап келеді", — деп мәлімдеді Назарбаев дүйсенбі күні республика судьяларының VII съезі барысында.

Қазақстан президентінің пайымдауынша, реформалар нәтиже беру үшін бастықтардан бастап оны орындауға ат салысуы тиіс. 

Загрузка...

Басты тақырып