Қоғам

Актер Тұңғышбай Жаманқұлов көпшілікке қалай танылды

© Sputnik / фото страницы сайта kino-teatr.ruТұңғышбай Жаманқұловтың kino-teatr.ru сайтындағы суреті
Тұңғышбай Жаманқұловтың  kino-teatr.ru сайтындағы суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР халық әртісі көптеген фильмдерге түсіп, театр қойылымдарына қатысқан. Бірнеше кинокартинаның продюсері әрі режиссері болды. 2007 жылы "Жыл адамы" атанды.

АСТАНА, 3 қар— Sputnik.  Қазақстанның халық әртісі, танымал актер Тұңғышбай Жаманқұлов  "Феникс" фильмін түсіруге бөлінген бюджеттік қаражатты қымқырды деген күдікпен ұсталды. Sputnik Қазақстан агенттігі актердің шығармашылығына шолу жасады.

Жаманқұлов Тұңғышбай Қадырұлы – ҚР халық әртісі, мемлекеттік сыйлық лауреаты.

Алматы мәдениет және мұрағат басқармасының мәліметінше, ол 1948 жылы 2 қазанда Жамбыл облысы Свердлов ауданы Жаңасаз аулында дүниеге келген.

Тұңғышбай Жаманқұлов - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталды

Құрманғазы атындағы Алма-Ата мемлекеттік консерваториясының театр факультетін үздік дипломмен тәмамдаған, драмалық театр актері. Өнертану кандитаты.

"Наз" көркем-публицистикалық кітабы (2001), екі томдық "Сөз" атты ғылыми-зерттеу мақалалары мен естеліктер жинағының (2008) авторы. 

Қазақ, орыс, қырғыз, өзбек және түрік тілдерін меңгерген. 

1970 жылдан бері – М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. 1993 жылдан бері — М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры әрі көркемдік кеңестің төрағасы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры қызметін атқарушы. 2001 жылдан бері — М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері әрі режиссері. 

"Қазақфильм", "Ленфильм",  "Өзбекфильм" киностудияларының шамамен  30 фильмінде түскен. Олардың ішінде: "Отқа оранған Орал", "Қан мен тер", "Жаушы", "Ақырғы аманат",  "Тарғыл қауын", "Қаралы сұлу",  "Отырардың күйреуі", "Жас Абай".

Жаманқұловтың қоюшы режиссерлік қызметінде елеулі орынға ие жұмыстарына К. Гоццидің "Турандот ханшайым", М. Ғапаровтың "Тұзды шөл", Қ. Шахимарданның "Томирис" пьесалары жатады.

Сонымен қатар, актер келесі марапаттауларға ие болған: Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы лауреаты (1980), ҚазКСР еңбек сіңірген артисі (1982), ҚР халық артисі (1992), ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992), «Парасат» орденінің иегері (2008), «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері (2011), “Достық” орденінің иегері (2015), "Алтын адам" сыйлығының лауреаты, 2007 жылғы "Жыл адамы", ҚР халық әртісі.

Жұбайы – Жүсіп Дария Әбдумәлікқызы (1972 жылы туылған), театр және кино әртісі, балет, музыка және вокалмен айналысады. Ұлдары: Жаманқұлов Рүстем (1974 жылы туылған), Жаманқұлов Дастан (1975 жылы туылған), Қадыр Ақсұлтан (1996 жылы туылған), Қадыр Ақсұңқар (2003 жылы туылған); қыздары:  Жаманқұлова Ләйлім (1983 жылы туылған), Қадыр Аққу (2006 жылы туылған).

Жаңалықтар
0